icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан-Бурабай бағытында орнатылған "Автоураган" камераларының интеграциясы жүргізілуде

Бүгінде "Автоураган" камераларының әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай реестрымен интеграциялануы еліміздегі ең алғашқы автобан - Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесінде жүзеге асуда. Аталмыш учаскедегі аралық аркалар былтыр 8 855 жылдамдықты асыру фактісін тіркеген (сағатына 150 шақырымнан артық). Тіркелген максималды жылдамдық - сағатына 238 шақырым. Бұл камераларды әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай реестріне қосу арқылы учаскедегі жол-көлік апатының саны азайып, жүргізушілердің тәртібі мен жауапкершілігі артады деп жоспарлануда. Алдағы уақытты 11 мың шақырым автожолда ақылы жүйе енгізіліп, 400 камера орнатылғаннан кейін, олар да аталмыш реестрмен интеграцияланатын болады. 

Анықтама үшін: АвтоУраган-ВСМ2 - Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін, жол ережесін бұзу фактілерін тіркеу мүмкіндігі бар стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешен.