icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Болатбек Айтбаев "QAZAVTOJOL" Ұлттық компаниясының Алматы филиалының директоры болып тағайындалды

Болатбек Қобыланбекұлы Айтбаев "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. 2001 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы факультетін "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. 

 Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазжолҒЗИ" ААҚ Астана қаласындағы филиалының инженері болып бастаған. "Ер сай Каспиан" ЖШС және "Жол консалтинг" ЖШС бас инженері, "Жол Сапа" ЖШС директоры, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің Ғылым және жұмыс сапасы басқармасының басшысы, "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары," ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бас инженері болып қызмет атқарды. 

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры болып тағайындалғанға дейін ұлттық компанияның Солтүстік Қазақстан филиалын басқарды.