icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Әмір Қайратұлы Кәрімбаев "QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының бакалавриатын 2010 жылы "құрылыс" мамандығы бойынша, 2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын "құрылыс" мамандығы бойынша бітіріп, "техника ғылымдарының магистрі" біліктілігін алып шықты. Еңбек жолын 2010 жылы Жамбыл облыстық филиалының жол қозғалысы қауіпсіздігі және пайдалану бөлімінің маманы болып бастаған. 

 Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Концессиялық жобалар және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Концессиялық жобалар және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары болып қызметтер атқарды. 

 "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалғанға дейін "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Пайдалану департаментін басқарды.