icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ-да инновациялық ұсыныстарды қарастыру жөнінде техникалық кеңес өтті

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ-да өткен техникалық кеңес отырысында 9 жеткізушіден автожолдар мен жасанды құрылымдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу, күтіп-ұстау барысындағы 18 инновациялық ұсыныс талқыға салынды. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты техникалық кеңестің отырысы онлайн тәртіпте жүзеге асты. 

Жиынның нәтижесі бойынша, аталмыш инновацияларды 2021 жылы тәжерибелік учаскелердің құрылысы мен апробация арқылы сынамалық тәртіпте енгізуге рұқсат берілді. Бұл технология мен материалдарды қолдану туралы шешім тәжірибелік-сынамалық учаскелердің құрылысы мен жүргізілген бақылау, тәжірибе мен зерттеу қорытындысы бойынша қабылданатын болады