icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Павлодар облысындағы Шығыс айналма жолы

Құрметті жүргізушілер! 

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Павлодар қаласының шығыс айналымы» автожолының құрылысы туралы түрлі ақпарат, оның ішінде шындыққа жанаспайтын да мәлімет таралуда. Сол себепті, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы ресми түрде келесі ақпаратты ұсынады: 

«Павлодар қаласының шығыс айналымы» автожолының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау барысында тас жол өсінің 4 түрлі нұсқасы қарастырылған. Оның ішінде, «Омбы-Павлодар-Майқапшағай (Павлодарское к.)» автожолының 401-шақырымынан аталмыш автожолдың 426-шақырымына (Кенжекөл елді мекенінің маңындағы жол айрығы) дейінгі, ұзындығы 36,6 шақырымды құрайтын және Северный мен Надежда саяжайлары арқылы өтетін автожол учаскесі экономикалық тұрғыдан ең тиімді болып анықталды. Себебі, өзге нұсқалар бойынша түрғын үйлерді бұзу қажеттілігі туындап, автожол құрылысының бағасы 10 млрд теңгеге қымбаттайтын еді. 

Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау барысында мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жергілікті тұрғындардың қатысуымен бірнеше мәрте қоғамдық тыңдаулар (06.02.2019ж., 19.08.2019гж, 09.12.2019ж., 08.10.2020ж.) өткізілді. Тыңдаулар барысында бұл автожолдың құрылысы туралы барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Хабарландыру әр қоғамдық тыңдауды өткізбестен 20 жұмыс күні бұрын БАҚ пен Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында жарияланды. Өкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге жазбаша түрде, әл «Северный» мен «Надежда» саяжайларының төрағаларына телефон арқылы ақпарат таратылды. 

Құрылыс барысында кесілетін ағаштың орнына №51 Чернорецкий орман алқабының маңындағы мемлекеттік орман фондының аумағында 1:5 қатынасынды (99 325) ағаш отырғызылатын болады. Бұл шаралар жобалық-сметалық құжаттамада белгіленген және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша өкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасынан өтті. 

Бұл автожолдың құрылысы Жер кодексінің 84-бабы бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне ауыстыру шартына сәйкес. Мүлікті бағалау нәтижесіне сәйкес, құрылыс алқабына қарасты саяжай учаскелерінің иелеріне 180 мың теңгеден бастап, учаскедегі құрылымдарға байланысты 2.5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы төленеді. Жер заңнамасына сәйкес, мүлікті бағалау үшін нарықтық бағалар қолданылады. Мүлік иелері сот белгілеген бағалау сараптамасын жүргізу үшін тәуелсіз бағалау ұйымдарын шақыра алады. 

Бұл күре жол қаланың автожолдар желісін ауыр салмақты жүк көліктер ағымынан сақтауға және сәйкесінше қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өзіндік септігін тигізеді. Транзитті автокөліктердің қала сыртындағы автожолмен жүріп өтуі қала ішіндегі автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жұмсалатын бюджеттік қаражатты да үнемдейді.