icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында сағатына 140 км жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі

Ақылы автожолдардың қарын тазалау және жолдарды күтіп ұстау сапасын жақсарту үшін жол техникасының санын көбейту жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілдері Павлодар облысында өткен қоғамдық тыңдауда 

Павлодар облысында Нұр – Сұлтан – Павлодар, Павлодар – РФ (Омбы) шекарасы, Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелерінде ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. 

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері бірінші техникалық санаттағы жолдарға жататын Нұр-Сұлтан – Павлодар учаскесінде рұқсат етілген шекті қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км болатынын хабарлады. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандары сұрақтарға жауап бере отырып, автожолдарды қардан жедел тазарту үшін ақылы учаскелерді қосымша жол техникасымен жабдықтау жоспарланып отырғанын айтты. 

Сонымен қатар, олар ақылы учаскелерде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналған қаржыға бірінші кезекте аса қауіпті жерлерде мал өтіп кетпейтін қоршаулар, мал айдайтын және жаяу жүргінші өтпелері орнатылатынын атап өтті. 

Бұл жоспарлар республиканың барлық облыстарындағы ақылы жолдар үшін өзекті болып отыр.