icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» егер ашық түрдегі ақылы жолдың ақысын төлемесе не болатынын хабарлады

Павлодар облысындағы Нұр – Сұлтан – Павлодар, Павлодар – РФ (Омбы) шекарасы, Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелеріне ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері ақылы жолдардағы төлем ставкалары мен жол ақысын төлемегендерге қодлданылатын жазалау шаралары туралы айтты. 

Еліміздегі республикалық жолдарға жол жүру ақысын алудың ашық жүйесі енгізілуде. Жүргізушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін онда төлем бекеттері мен шлагбаумдар болмайды. Жолдан өткен автокөліктерді бақылау аркалары тіркейді. Олар автоматты түрде RFID белгілерін немесе өтіп бара жатқан автомобильдердің мемлекеттік нөмірін оқиды және төлем қаржысын көлік құралдары иелерінің арнайы шоттарынан алады. 

Сонымен қатар, ашық жүйе жүргізуші шотын толтыруды ұмытып кеткен жағдайда немесе уақытша шотты толтыруға мүмкіндігі болмаған кезде қарызға баруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, онда постфактумды төлеу екі есе қымбатқа түседі. 

Ашық жүйенің дәстүрлі жүйеге қарағанда артықшылығы көп. Көліктер кезек күтіп жиналып қалмайды, жүргізушілердің наразылығын тудырмайды. Алайда, мұндай еркіндік төлем жасамай-ақ қоюға болады деген сияқты теріс пиғылды іске асыруға жол бермейді. 

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» әдейі төлемейтін жүргізушілерге қатысты заңда көзделген шаралар қолданылатынын еске салды. 

«Төлем жасалмаған жағдайда борышкерлер туралы ақпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясына ӘҚБтК-нің 628-бабына сәйкес (ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін уақтылы төлемеу) шара қабылдау үшін жіберілетін болады. Айыппұл жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК көлемінде болады. Бұл ретте, заңда айыппұлды төлеу үшін сот тәртібімен жалақының 50%-на дейін ұстап қалуға болатыны көзделген», - деп атап өтті компания қызметкерлері Павлодар облысында өткен тыңдауда Басқа мемлекеттерден келген жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысты қазіргі уақытта ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ақылы учаскелерден жүріп өтуге ақы төлеу үшін көлік құралдарын республика шекараларында тоқтату туралы мәселе пысықталуда. 

Сонымен қатар, жүк көлігінің салмағына қарай бір километрге 5 теңгеден 25 теңгеге дейін алынатын болады. Ал Павлодар – РФ (Омбы) шекарасы және Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелерімен жүрген жеңіл автокөлік құралдарынан ақы алынбайды. Өйткені, екі жол да 2 техникалық санатқа жатады. 

Бұдан бөлек, қазір жергілікті коммерциялық жүк көліктері үшін 20-30% мөлшерінде жеңілдіктер енгізу туралы мәселе қарастырылуда. 

Сондай-ақ, «Қазавтожол» өкілдері автобустарға арналған ставкаларды айқындады. Олардың ақпараты бойынша, тұрақты рейстік маршруттарға жүретін жолаушылар көлігі «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына сәйкес төлемнен босатылған. 

Бірақ «Автомобиль жолдары туралы» ҚРЗ 5.2-бабына сәйкес коммерциялық маршруттар, қызметтік және мектеп автобустары жол жүру үшін ақы төлеуге міндетті. Ол үшін келісімшарт жасалып, арнайы шот ашылады. 

Тыңдау қорытындысы бойынша Павлодар облысының жұртшылығынан бірқатар ұсыныс түсті. 

Атап айтқанда, коммерциялық емес мемлекеттік объектілерге – мектептерге, ауруханаларға, емханаларға көмір тасымалдайтын ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге маусымдық жеңілдіктер қарастырылса, деген ұсыныс болды.