icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындықты бастап кетті

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті. 

Қазіргі уақытта, су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында құм, топырақ, және қиыршық тас қоспасы, жанар-жағармай материалдары, жолға қызмет көрсету жабдықтары (тиегіштер, самосвалдар, бульдозерлер, автогрейдерлер) толықтай дайын. 

Бүгінгі күні, 7 мың су өткізгіш құбырдың 1,5 мың данасы тазаланып, ашылды. Оңтүстік аймақтарда, құбырлар толықтай ашық. Ал, еліміздің Солтүстік, Орталық, Шығыс өңірлерінде ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін құбырларды ашу жоспарлануда. 

Осы уақытта, республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында, 302 шақырым болатын, 457 су басу қаупі бар жерлер анықталды. 710 су өткізгіш құбыр, 52 көпір және 9 бөгеттерде су тасқыны, және қираулар болуы мүмкін. 

«Казгидромет» РМК көрсеткіштеріне сәйкес, топырақтың қату тереңдігінің индикаторлары былтырғы көрсеткіштерден орта есеппен 70 см артық. 

Осы жағдайда, күні бойы және түнгі уақытта да ауа температурасы жылынатын болса, (шамамен наурыз айының соңы-сәуір айының басы) тасқын сулардың үлкен ағыны күтіледі. 

Су тасқыны кезеңінде, автокөлік жолдарының бойында тасқын судың, қираулардың алдын алу үшін, жедел әрекет ету мақсатында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылады.