icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Көрісу күні құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл күні өкпе-реніштерімізді кешіріп, араздықты ұмытып, әрбір жанға амандық-саулық, құт-береке тілеп, жақындарымызды ақ пейілмен қарсы алайық! Көшпенді қазақ елі үшін қыстан аман шығып, сәулелі көктеммен қауышу үлкен бақыт болған. Қазір де сарышұнақ аяздар мен ақ түтек борандардан кейін келген Наурыз көңілді жадыратып, жүректі жылытады. Дәстүрді сақтай отырып, сіздерге бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын тілейміз!