icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Анонс

ЖАҢА ФОРМАТ! 

Осы бейсенбі, 18-наурыз күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Техникалық саясат және жаңа технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Құрманбековпен "Автожол сапасы сын көтере ме?" тақырыбында ТІКЕЛЕЙ ЭФИР өтеді. 

Эфир барысында күре жол саласына қарасты мамандар мен шетелдік сарапшылар өз пікірлерімен бөлісетін болады. Еліміздегі жолдардың сапасы қандай? Оларды салу мен жөндеу, күтіп-ұстау кезінде қандай көкейкесті мәселелер бар? Оларды шешу үшін қандай шаралар қолданылады және шетелдік тәжірибеден алып қосарымыз бар ма? Осы және өзге де сұрақтарды ЗУМ қосымшасы арқылы өтетін тікелей байланыс кезінде талқылап, Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасында көрсететін боламыз. 

Өткізіп алмаңыздар! Барлық сұрақтарыңызды +7 771 20 86 771 WhatsApp нөмірі бойынша немесе press.kazavtozhol@gmail.com электрондық поштасына 18-наурыз сағат 12:00-ге дейін алдын-ала жіберуге болады.