icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық операторы пластикалық қалдықтарды өңдеуге бағытталған техникалық шешімдерді қолдайды

2021 жылдың 16 наурызында «Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының демалыс алаңында Қазақстандық өндіруші «ECOMAF» ЖШС-нің, Р2 және Р4 маркалы пластикті қайта өңдеу тәсілі бойынша полимер-құмды композиттен жасалған орындық пен урнасы орнатылды. 

Полимер-құмды композит, бірегей қасиеттері бар инновациялық материал. Ол бетон, полимер және металл өнімдерінің артықшылықтарын біріктіреді, сонысымен оның басқа әлсіз тұстарынын орнын толтырады. Өнімдер жергілікті өндіріс, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу, экологияға қамқорлық және дайын өнімнің ұзақ қызмет ететіндігі сияқты бірнеше маңызды мәселелердің шешімін тапқан. Қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар - ластанумен күрестің ізгі қадамы. 

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық операторы пластикалық қалдықтарды өңдеуге бағытталған техникалық шешімдерді қолдайды. Ағымдағы қолданыстағы өнімдерден басқа, Қоғам «ECOMAF» компаниясымен бірлесіп, автожолдарды жайластырудың қолданыстағы элементтерін ауыстыруға бағытталған басқа да бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады.