icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Анонс! Жаңа формат!

Осы бейсенбі, 1-сәуір күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Алматы облысты филиалының директоры Болатбек Айтбаевпен "Алматы облысындағы автожол жобаларының жүзеге асырылуы. Алтын Орда жол торабы" тақырыбында ТІКЕЛЕЙ ЭФИР өтеді. 

 Эфир барысында Алматы облысындағы күре жол құрылысы саласына қарасты мамандар мен сарапшылар өз пікірлерімен бөлісетін болады. Алматы облысындағы жолдардың сапасы қандай? Оларды салу мен жөндеу, күтіп-ұстау кезінде қандай көкейкесті мәселелер бар? Алтын Орда жол торабы қашан салынып аяқталады және оның ұзақ мерзімді жоба болуына не себеп? Осы және өзге де сұрақтарды ЗУМ қосымшасы арқылы өтетін тікелей байланыс кезінде талқылап, Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасында көрсететін боламыз. 

 Өткізіп алмаңыздар! Барлық сұрақтарыңызды +7 771 20 86 771 WhatsApp нөмірі бойынша немесе press.kazavtozhol@gmail.com электрондық поштасына 1-сәуір сағат 12:00-ге дейін алдын-ала жіберуге болады.