icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ мен Қазақстан Республикасы кооперативтері мен экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2021 жылдың 16 наурызында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Кооперативтер Қауымдастығының және басқа да экономикалық қоғамдастықтардың Президенті Қазыбек Шайх автомобиль жолдары бойындағы экономикалық қоғамдастықтардың тұтыну кооперативі жаппай кәсіпкерлік және дамыту бойынша  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.    

Тараптар ынтымақтастық бағдарламаларын дайындау үшін келісті. Олар:

- экономикалық қауымдастықтардың республикалық маңызы бар жолдарда жол бойындағы қызметті дамыту бойынша;

- ел тұрғындарының экономикалық қауымдастықтарымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті (МЖӘ) жүзеге асыруға арналған жобалар;

- битум нарығында кооперативтерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Ынтымақтастық жол бойындағы инфрақұрылымды дамытудың және халықтың әл-ауқатын жақсартудың баламалы жолын қамтамасыз етеді. Бұл кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формалары арқылы халықты белсенді тарту жолымен жүзеге асырылады.  

Дүние жүзінде кооперативтер 100-ден астам елде 800 миллионы кооператив мүшесі болып табылады.  Солайша 100 миллион жұмыс орны қамтамасыз етіледі.  

- Канадада әрбір үшінші азамат кооперативтің мүшесі болып табылады.

- Францияда кооперативтер 700 000 жұмыс орнын ұсынады.

- Жапонияда фермерлердің 91 пайызы кооперативте ұйымдастырылған.

- Кувейтте бөлшек сауданың 80 пайызы тұтыну кооперативтеріне тиесілі.

- Боливияда ұлттық жинақтың төрттен бір бөлігін кооперативтер басқарады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, кооперативті кәсіпкерлікті құру әлеуметтік-экономикалық дамуға, халық арасындағы жұмыссыздықтың өсуін төмендетуге және қоғамдағы әл-ауқаттың тепе-тең бөлінуін сақтауға үлкен үлес қосады.