icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық автомобиль жолдары  көктемгі су тасқынына 100% дайын

Тасқын су басып кету қаупі бар 9 аймақ «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ға тиесілі жол ұйымдарының ерекше бақылауында. Бұл Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.   

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша топырақтың мұздау тереңдігінің көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 70 см-ге артық. Сондықтан жоғарыда аталған автомобиль жолдарының су басу қаупі бар 434 учаскелер, 52 көпірлер мен 838 су өткізгіштер бақылауға алынды.  

Арнайы бригадалар жол желісінің көліктік-пайдалану жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізеді. Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынына қажетті техника мен инертті материалдар 100% дайын. Қазір көктемгі су тасқынынан өтуге 758 бірлік техника жұмылдырылуда.

 

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі кезеңде жолдарды сақтау мақсатында 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық трассаларда жүк және ірі габаритті автокөлік үшін 8 тоннадан жоғары жүктемемен қозғалысқа шектеу енгізілді.

 

Республикалық трассаның учаскесін су басу туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Call – орталықтың 1403 нөміріне немесе "Қазақавтожол" ЖШС +77717444777 кезекші-диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу арқылы хабарлауға болады. Мамандар әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын.