icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QazAvtoJol" ҰК " АҚ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Төрағасы Мұрат Баймұқашевтің төрағалығымен Автомобиль жолдары комитеті, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ және Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері,  облыстық әкімшілік полиция басқармалары және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.  

Жиын барысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.     

Атап айтқанда, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов кеңес барысында автожол саласындағы проблемалық мәселелерді, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шараларды (жоғары техникалық санаттарды ауыстыра отырып, жолдарды реконструкциялау, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, мал өткелдерін, малдың жүру бөлігіне шығуын болдырмау үшін торларды орнату және т.б.) қозғады. 

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтылды (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол бойы сервисінің қағидаларын әзірлеу және бекіту, пайдаланушылардың ақылы автожолдарда жүру  жауапкершілігі, сондай-ақ жылдамдық шектеулерін, оның ішінде қозғалыстың орташа жылдамдығын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар).