icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Қарағанды-Балқаш»  учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде

 "РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" автомобиль жолының ұзындығы 363 шақырым "Қарағанды – Балқаш" учаскесі Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ақжал, Балқаш елді мекендерінің бойымен өтеді.

 Қазіргі уақытта жолдың барлық 363 шақырымы құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылған. Жұмысқа - "СП КазГерСтрой" ЖШС, CITIC Construction Co.Ltd компаниялары қосылған.

 Жобаға сәйкес, жол 4 жолақты қозғалыстағы І-б техникалық санат көрсеткішіне  сәйкес келеді. Жоба аясында, 47 көпір мен жол өтпелерін, 295 су өткізу құбырлары мен мал айдау құбырларын, сондай-ақ, елді мекендердің маңындағы демалыс алаңдары мен автопавильондар салу көзделген.

 Бүгінгі таңда жол қызметкерлері 25,8 млн.м3 жер жұмыстарын орындады; 263 шақырым төменгі негіз қабаты; 196 шақырым жоғарғы негіз қабаты және 162 шақырым төменгі жабын қабаты төселді. 

 Қазір учаскені қайта жөндеу үшін 400-ге жуық техника мен 1 мыңнан астам адам жұмылдырылды.