icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АСҚАР МҰРАТҰЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖӨНДЕУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

"Қарағанды - Балқаш" автожолын тексергеннен кейін "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы "Балқаш-Бурылбайтал - Мерке" бағыты бойынша автомобиль жолындағы қайта жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Тексеру Бурылбайтал кентінің базасында жүргізілді. Инспекция барысында тартылған мердігерлік ұйымдар жобаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады:

-жалпы ұзындығы 288 шақырым болатын «Балқаш-Бурылбайтал» учаскесі (мердігер ұйымдар: "Синохайдро", " Колин / СМС»).  

Қазіргі уақытта құрылыс нысандарында 1100-ге жуық адам, 550-ден астам техника жұмыс жасап жатыр. Учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарына, жасанды құрылыстар салуға және коммуникацияларды ауыстыруға 8 қосалқы мердігерлік ұйым тартылды.  

Жобаны іске асыру жұмыс өндірісінің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қазіргі уақытта 81 шақырымда қозғалыс ашық. Жобаны толықтай аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

-жалпы ұзындығы 228 шақырым «Құрты-Бурылбайтал» учаскесі

(мердігерлік ұйымдар: "Тодини/СМС" БК, "Синохайдро" АОҚБ және "СПИК Аккорд" ААҚ»).  

Құрылыс нысандарында 500-ден астам адам, 300-ге жуық техника жұмылдырылған. Учаскедегі жол-құрылыс жұмыстарына 1 қосалқы мердігер ұйым тартылды.

Сондай-ақ, 4 АБЗ (асфальтбетон зауыты) және 7 ДСУ (ұсақтау-сұрыптау қондырғысы) жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта бір бағытта 100 шақырым жаңа жолдың қозғалысы ашық. Жалпы жобаны іске асыру жұмыс өндірісінің бекітілген кестелеріне сәйкес жүргізілуде және іске асыруды аяқтау 2021 жылға жоспарланған.

- "Меркі-Бурылбайтал" учаскесі.

Ұзындығы 266 шақырым болатын бұл учаске Жамбыл облысындағы Шу, Тәтті, Бірлік, Хантау елді мекендерінің бойымен өтеді.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 262 шақырым жол қамтылған. China Xinxing Construction, "АБК-Автодор НС" ЖШС мердігер компаниялары жұмыстарды атқаруда. Жобаға сәйкес ұзындығы 86 шақырым болатын "Меркі-Шу" учаскесіндегі жол 4 қозғалыс жолағы бар I-б техникалық санатқа, ал ұзындығы 176 шақырым болатын "Шу-Бурылбайтал" учаскесі 2 қозғалыс жолағы бар II техникалық санатқа сәйкес келетін болады. 20 жасанды құрылыс-жол өтпелері, көпірлер және жолайырықтар салу жұмыстары жүргізілуде. Трассаны қайта құруға барлығы 300 бірлік техника мен 740-тан астам адам жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін автомобиль жолының барлық бойында жаңа төсем бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда. Жол қызметкерлері жобаны 2022 жылы толық аяқтамақ.