«Алтын Орда» базары ауданындағы учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы

«Алтын Орда» базары ауданындағы учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы

«Алтын Орда» базары ауданындағы учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы

Тексерудің тағы да бір нысаны еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі «Алтын Орда» базарының маңы «Алматы Бішкек» автожолының 16-19 шақырым аралығындағы күрделі жөндеу жұмыстары. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлына жолайрықтағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Тексеруге "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы, мердігерлік ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Асқар Мұратұлы алдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Алматы-Бішкек автожолының құрылысы аясында "Алтын Орда" базары ауданында Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің және 3 жерүсті жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Көлік қозғалысы бөлігіндегі 4 шақырым бойында 4-тен 10 жолаққа дейін кеңейту және инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру жұмыстары аяқталды. "Таға" түріндегі эстакада бойынша жұмыстар 95% - ға орындалып, орталық аралықты бетондау жұмыстары тәмамдалды. Автожолдың кеңейтілген бөлігінде (300 м) төсемді орнату жұмыстары жүргізілуде. Негізгі магистральдық эстакада бойынша жұмыстар 65% - ға орындалған. 85 м монолитті аралық ғимарат салынды. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйыммен келісім-шарт бұзылды. Өйткені, мердігер компания жұмысты қанағаттанарлықсыз атқарған. Бүгінгі таңда жобаны 2021 жылдың қазанына дейін аяқтауға міндетті мердігер ұйым анықталды.