icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл бірліктің туы Қазақ елінде өзге ұлт өкілі ең алғаш рет қоныстанған сәтте қадалған. Бұл мереке жері де, көңілі де дархан Қазақ елінің өзге ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүріне танытқан құрметі пен ілтипатының айқын бейнесі.
Егемен елдің таңымен қауышқан азаматтар ретінде бірлік пен ынтымақ туының бояуын оңдырмай, қадірін тоздырмай биік ұстауымыз керек. Себебі барлығымыздың ел мүддесіндегі құндылықтарымыз бір - қарқынды даму, тарихи мұрагерлерді сақтау.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!