icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Алматы-Шелек-Хоргос» автожолындағы ақауға байланысты

Құрметті пайдаланушылар!

Сіздердің кері байланыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз біздің жұмысымыздың сапасын арттыруға көмектеседі.   

 Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Республикалық маңызы бар "Алматы-Шелек-Хоргос" автожолы учаскесінде температураның күрт көтерілуіне байланысты цемент-бетон төсемі кеңейіп, компенсациялық тігістердің жанындағы бетон плиталары көтеріліп кетті.

Учаскеде жылдамдықты шектеу туралы уақытша жол белгілері қойылып, Алматы облысы ПД ӘПБ қызметкерлерімен бірлесіп кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Сол күннің кешінде цемент-бетон төсемінің түйіскен жерінде пайда болған ақауды жедел жою бойынша комиссия құрылды.

Аталған учаскеде деформациялық тігістер жедел түрде кесіліп, осылайша апаттық-қауіпті жердегі төсем жоғары жылжып кетпеуі үшін шара қолданылды. Бұл көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылы осы автожол бойындағы 15 шақырым цементбетон төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.   

"Алматы-Хоргос" автожолын күтіп ұстау бойынша бірқатар ескертулер бар екенін айта кету керек. Суық дәретханалар тазалығы сын көтермейді. Жол белгілері мен сигнал бағаналары қисық, жол таңбаларын салу бойынша жұмыстар басталмаған, сондай – ақ, түйісулер мен бұрылыстарда қоқыс топырағы бар. Және де жол жиектерінде, беткейлерде, резервтердегі шөптерді шабу қажет.

Аталған автожолды салуға Тапсырыс беруші Автомобиль жұмыстарының комитеті болып табылады. Қазір олар жолды сапасыз салғандығына байланысты, Бас мердігерлермен сот рәсімдерін жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.

Орын алған жағдайға байланысты,  аталған учаске басына "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы келіп, жағдайды өз көзімен қарап шықты. "Алматы-Хоргос" автожолын нашар күтіп ұстағаны үшін және қанағаттанарлықсыз бақылағаны үшін учаске бастығына тәртіптік жаза тағайындалды.  

Біз Сіздерден уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және  түсіністік танытуларыңызды өтінеміз. Орын алған ақау қысқа мерзімде қалпына келтіріледі.