icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АСҚАР МҰРАТҰЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖӨНДЕУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы "Өскемен-Қалбатау-Талдықорған" бағыты бойынша автомобиль жолдарының қайта жөндеу  жобаларын тексерді. 

Тексеру келесі бағытта жүргізілді:

Бірінші болып жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын Қалбатау-Майқапшағай автожолының 906-1235 шақырым аралығындағы "Қалбатау-Зайсан" учаскесі тексерілді.

Бас мердігер: "ҚР Синьсин құрылыс және дамыту жөніндегі Қытай компаниясы" ЖШС құрамындағы Консорциум / "ҚазГерСтрой" БК" ЖШС. Қазіргі уақытта құрылыс орнына 1300-ге жуық жұмысшы және 678 бірлік техника жұмылдырылған.

2021 жылдың соңына дейін 906-915 шақырым аралығындағы №1 учаске, 1190-1235 шақырым аралығындағы №8 учаскелерін пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, учаскелерде жеті асфальтбетон зауыты және жеті ұсақтау-сұрыптау қондырғылары жұмыс атқаруда.

 

Басқарма Төрағасы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын жеделдетуді және қойылған міндетті тез арада орындауды тапсырды. Яғни,

ағымдағы жылдың соңына дейін учаске бойындағы барлық қозғалыс ашылуы тиіс.