icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлының келесі тексеру нысаны ШҚО шекарасынан Талдықорған қаласына дейінгі 287-615 шақырым аралығындағы жол болды

Құрылыс-монтаж жұмыстарын "CITIC Construction" мердігерлік ұйымы атқарып жатыр. Қазіргі уақытта  аталған учаскеде шамамен 2136 адам және 812 бірлік техника жұмыс істеуде.  

Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін, аталған жол учаскесінің 32 шақырымы Б санатты және 282 шақырымы ІІ санатты болады. Онда екі деңгейдегі бір көлік айрығы салынады. 26 көпір мен 348 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.

Іс-сапар барысындағы тексеру қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы осындай белсенді тәртіпте жұмысты жалғастыруды, учаскелерде білікті мамандардың қажетті санын жинақтауды, сондай-ақ жобада көрсетілген мерзімде қозғалыстың уақтылы ашылуы үшін тәуліктің қараңғы уақытында жұмыстың барлық түрлерін өндіру бойынша қажетті жағдайларды жасауды тапсырды.

Анықтама: Автожолдың бұл учаскесі Алматы облысының туристік кластеріне, атап айтқанда Алакөл көліне жақын орналасқан. Бұл жерге өткен жылы біздің азаматтарымыз бен шет елдерден 1,2 млн.турист ат басын тіреген.  

Сондықтан "Талдықорған – Қалбатау-Өскемен" жобасын қайта қалпына келтіру-бұл тек Алматы облысының ғана емес, жалпы Қазақстанның да экономикалық және туристік әлеуетін дамытуға жасалған жаңа қадам болмақ.