icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ ҰОС ардагерлерін құттықтады

9 мамыр "Жеңіс күніне" орай "QazAvtoJol" ҰК" АҚ орталық аппаратының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің жағдайларын біліп, мерекемен құттықтады. Ұлттық компания атынан гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жол қызметкерлері 95 жастағы Тұржанова Роза Хасанқызының үйіне барды. Соғыс басталған кезде ол небәрі 15 жаста еді және қалалық ауруханада жараланған сарбаздарға батылдықпен көмек көрсеткен болатын. 1942-1944 жылдары Ақмола қалалық ауруханасының қарауылдық қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.

Соғыс аяқталғаннан кейін ішкі істер саласында, кейін сот орындаушысы болып қызмет атқарды. Мұнда ол 40 жыл бойы қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шықты. Тағдырдың жазуымен Роза Хасанқызы 37 жасында жесір қалып, жалғыз өзі 4 баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана.

Бүгін ардагер "Ұлы Жеңіс" мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алатынын айтып, жас ұрпаққа өз тілектері мен жылы лебіздерін білдірді:

- Ұлы мереке — Жеңіс күнімен құттықтаймын! Сіздерге тек бейбіт күндер мен жақсы жаңалықтар, ашық аспан және әр үйге тыныштық тілеймін!- деді Роза Хасанқызы