«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы «Алтын Орда» базарының жанындағы «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Қазіргі уақытта «СинеМидасСтрой» мердігерлік компаниясы учаскеде жұмысшылар мен құралдарды жинақтау бойынша жұмыстарды атқаруда. Мердігер учаске бойынша толық ауқымды жұмыстарға дайындалу үстінде.
Бұл ретте жол пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін «Таға» (подкова) типі бойынша бұрылу эстакадасында жұмыстар жедел қарқынмен жүргізілуде. Жол бойындағы қозғалысты ашу және толықтай аяқтау мерзімі маусым айының басына дейін жоспарланған.
Тексеру қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы жобаны жоспарланған мерзімде аяқтау үшін жұмыс қарқынын арттыру туралы тапсырма берді.