icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Өздеріңізге белгілі, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" автомобиль жолының Қорғалжын тасжолына кіреберісіндегі 62-ші шақырымында орын алған ақау туралы қоғамдық резонанс тудырған ақпарат тараған болатын.

Осы учаскеде, ағымдағы жылдың 6 мамырында, тасқын сулардың өтуіне байланысты көпірдің тіреуіш плитасы мен өтпелі плита арасында шұңқыр пайда болған еді.

Орын алған жағдайға байланысты, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы ақауды дереу жою туралы тапсырма берген болатын. Алайда, тапсырма уақытылы орындалмады. Сол себепті, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш қалдырды. Өтінішті Басқарма Төрағасы қарастыру үстінде. Сонымен қатар, Қоғамның орталық аппаратына жетекшілік ететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе көтерілуде.  

"Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" а/ж учаскесіндегі ақауға байланысты қазіргі уақытта қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылуда. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушыларға кері байланыс үшін алғыс білдіреді және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды!