icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ француз компаниясы «Egis International» және «CS Consultant» ЖШС-мен техникалық қадағалау мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 14 мамырында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және "Egis International "бірлескен кәсіпорны (Франция) және "CS Consultant" ЖШС (Қазақстан) 0-67 шақырым болатын "Қапшағай-Күрті" автотрассасын қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын техникалық қадағалау қызметтерін көрсету келісімшарты аясында келіссөздер жүргізді. Аталған учаскедегі мердігер "Атырауинжстрой "ЖШС болып табылады.

Қазіргі уақытта топтың толық құрамы құрылыс учаскесіне жиналған.  

Анықтама: Egis International 2019 жылдың 14 қарашасынан бастап "Қапшағай-Күрті" автожолының 0-67 шақырымына қайта жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалауын жүзеге асырады. Egis International 2011 жылғы 1 шілдедегі EGIS bceom International және Egis Route еншілес компанияларының халықаралық тасымалдар саласындағы халықаралық инженерлік қызметінің бірігу нәтижесінде құрылған. Egis International екі инжинирингтік компанияның тәжірибесіне сүйенеді.

Egis International көліктік машина жасау және қала құрылысына маманданған, сондай-ақ экономикалық және институционалдық сұрақтар бойынша кеңес береді. Жыл сайын компания бүкіл әлем бойынша 100-ден астам елдің жобаларына қатысып,  Egis Group халықаралық деңгейін көтеруді көздейді.