icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 359 шақырым болатын 3 ақылы автожол учаскесін іске қосу жоспарлануда

 Түркістан облысының ақылы автожолдары бойынша анықтама

 

"Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Түркістан облысында жалпы ұзындығы 359 шақырым болатын 3 ақылы автожол учаскесін іске қосу жоспарлануда, оның ішінде: 

Шымкент-Ташкент – 84 шақырым

Шымкент-Қызылорда – 195 шақырым

Шымкент-Тараз – 80 шақырым

Қазіргі уақытта бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылған, көлік құралдарының транзитін үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін бақылау аркаларын  орнату жөніндегі жұмыстар толығымен аяқталды. Сәйкесінше, жүйе ашық түрде болады. Яғни шлагбаумдардың болмауы себепті, қозғалысқа ешқандай шектеу қойылмайды. Түркістан облысының аумағында барлығы 11 аралық бақылау аркасы орнатылды, оның ішінде Ташкентке – 3 бірлік, Тараз бағыты бойынша – 2 бірлік, Қызылордаға – 6 бірлік.  

Қазіргі уақытта жүйе сынақтық пайдалануға берілген. Толық іске қосу ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Ақылы учаскелердің тарифі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бекітілуде. Бұл ретте Нұр-Сұлтан – Щучинск, Алматы – Қорғас және т.б. ақылы учаскелердің  төлем мөлшерлемесі негізге алынды.

 

Төлем жасаудың 20-дан астам тәсілі бар. Олар екінші деңгейдегі банктер (Каспи, хоумбанк және т.б. сияқты интернет-банкинг қосымшаларын қоса санағанда), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн мобильді байланыс операторларымен СМС жіберу  арқылы жүзеге асырылады.  

Сондай-ақ, жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, ақылы жолдарға жақын орналасқан аудан тұрғындары үшін 1 жыл мерзімге жеңіл көлік құралдары үшін 1000 теңге мөлшерінде абоненттік төлем белгіленген. Бірақ жеңілдікке қол жеткізу үшін, көлік құралы міндетті түрде аталған ауданға қарасты тіркелуі тиіс.

Жеңілдік алу үшін сізге:

  1. 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласу;
  2. Жеке шотты 1000 теңгеге толықтыру қажет.

 

Жол пайдаланушылары клиенттермен жұмыс орталықтарында тарифтер жайлы, ресми расталған берешектер  туралы және т.б. ақпаратарды ала алады.

 

Түркістан облысының аумағында клиенттермен жұмыс істеу үшін  4 орталықтың жұмысы ретке келтірілген:

 

  1. КЖО Иқан к. айналма жолында Мекен-жайы: Самара-Шымкент автожолы 2127 шақырымының оң жағындағы демалыс алаңы (Шымкент бағыты бойынша)
  2. Машат кентіндегі КЖО мекен-жайы: Алматы – Ташкент автожолы 648 шақырымының оң жағындағы демалыс алаңы (Тараз бағыты бойынша)
  3. Атамекен кентіндегі КЖО мекен-жайы: Шымкент-Ташкент автожолы 792 шақырымының оң жағындағы демалыс алаңы (Шымкент бағыты бойынша)
  4. Мекен-жайы: Шымкент қаласындағы, Қонаев көшесі 21, "Алтын Орда" бизнес орталығы, 1 қабат