icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Павлодар облысында үш ақылы учаске іске қосылуда

"Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Павлодар облысында жалпы ұзындығы 742 шақырым болатын автожолдардың 3 ақылы учаскесін іске қосу жоспарлануда, атап айтқанда:

* Нұр – Сұлтан-Павлодар-391 шақырым, оның ішінде Павлодар облысы бойынша-207 шақырым;

* Павлодар- РФ шекарасы (Омбыға) - 196 шақырым;

* Павлодар-Семей – 301 шақырым, оның ішінде Павлодар облысы бойынша-155 шақырым.

 Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағында бақылаудың 10 аралық аркасы орнатылған, оның ішінде Нұр - Сұлтан бағыты бойынша – 3 бірлік, Омбыда – 4 бірлік, Семейде – 3 бірлік. Бақылау аркалары бағдарламалық-аппараттық кешенімен жабдықтылған. Ол көлік құралдарының транзитін үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Шлагбаумдар мен ақы алу пункттерінің болмауы жаңа "ашық" жүйенің басты ерекшелігі болып табылады. Бірнеше ай бойы бұл учаскелер тестілік пайдалануда болды. Ағымдағы жылдың маусым айында оларды толық іске қосу жоспарлануда.  

 Жеңіл және жүк көліктеріне ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бекітілу үстінде. Бұл ретте қолданыста бар ақылы учаскелердің төлемақы мөлшерлемелері негізге алынды. 

 Ақылы учаске бойынша жол ақысын екінші деңгейдегі банктер (Каспи,   хоумбанк және т.б. сияқты интернет-банкинг қосымшаларын қоса санағанда), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн мобильді байланыс операторларымен СМС жіберу  арқылы төлеуге болады.  Жалпы автокөліктің жеке шотын толтырудың 20-дан астам тәсілі бар.

Көлік құралдары ақылы учаскелерге қарасты аудандарда тіркелген тұрғындар үшін 365 күн мерзімге 1000 теңге (жеңіл көлік үшін) мөлшерінде абонементтер көзделген. 

 

 Жеңілдік алу үшін сізге:

  1. 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласу;
  2. Жеке шотты 1000 теңгеге толықтыру қажет.

Жол пайдаланушылары клиенттермен жұмыс орталықтарында төлем мөлшерлемелері жайлы, ресми расталған берешектер  туралы және т.б. ақпаратарды ала алады.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін компания қызметкерлерімен КАЖ Мобайл мобильді қосымшасы әзірленді. Қазіргі уақытта аталған қосымшаның көмегімен жүргізушілер баланстағы қалдықты біле алады және жүріп өткен жол туралы ақпаратпен, жол жүру мөлшерлерімен таныса алады.

 

Павлодар облысының аумағында клиенттермен жұмыс істеу үшін 4 орталықтың жұмысы ретке келтірілген:

  1. КЖО, Павлодар қ., мекенжайы: Сәтбаев к-сі, 97, "Арбат" БО
  2. КЖО, Ленин кентінің маңы, мекенжайы: Қызылорда – Павлодар автожолы, 1372 шақырым, ДЭУ-62 ғимаратының оң жағындағы (Нұр - Сұлтан қ. бағыты бойынша);
  3. КЖО, Байет кентінің маңы, мекенжайы: Қызылорда-Павлодар автожолы, 1243 шақырым, демалыс алаңының оң жағында (Павлодар қ. бағыты бойынша);
  4. КЖО, Тереңкөл кентінің маңы, мекенжайы: Павлодар – шек. автожолы. РФ (Омбыға), 792 шақырым, демалыс алаңының оң жағында (Шымкент бағыты бойынша)

 

Ақылы жолдарды пайдалануға бергеннен кейін жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азайғанын айта кеткен жөн. Бұл осы учаскелердегі қайта жаңарту жұмыстарының сәтті аяқталуының нәтижесі болып саналады. Мысалы, "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" тас жолында қайта жаңарту жұмыстарынан кейін ЖКО саны 25%-ға азайды, "Нұр-Сұлтан-Павлодар" жолында жалпы апаттар саны 46%-ға төмендеді, "Қызылорда-Шымкент-Тараз" учаскесінде жол-көлік оқиғалары 43% - ға төмендеді, "Павлодар-Семей-Қалбатау" тас жолында ЖКО 62% - ға азайған.  

 

Сонымен қатар, ақылы учаскелердің бірнеше негізгі артықшылықтарын атап өткен жөн:

1) автожолдарда қауіпсіздікті арттыру;

2) автожолдарды күтіп-ұстау сапасын арттыру;

3) автожолдарды автоматтандыру;

4) Көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау арқылы ЖКО азайту;

5) Автожолдың қозғалыс бөлігіне үздіксіз бақылау жөніндегі ақпаратты Мониторинг орталығына  назар аударуы үшін жолдап отыру;  

6) жол бойындағы қызмет көрсетуді арттыру;

7) транзиттік жүк тасымалдарының қарқындылығын арттыру, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді және соның салдарынан ҚР әрбір азаматының өмірін жақсартуға бөлінетін қаражат мөлшерін арттырады.

Жаңа жолдар жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті және жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.  Апаттылық деңгейі төмендеп, жол инфрақұрылымын, жол бойындағы қызмет көрсетуді және учаскелерде тәулік бойы қызмет көрсетуді белсенді дамытуға ықпал ететін болады.