icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Шығыс Қазақстан облысындағы Республикалық жолдардың жағдайымен танысты

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің Шығыс Қазақстан облысына іс-сапары аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы А. Мұратұлы да сол өңірде бірнеше жұмыс кездесулерін өткізді.

Іс-сапар барысында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұжымымен кеңес өткізілді. Жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Филиалдың міндеттері айқындалап, оларды шешу мерзімдері нақтыланды.

Сондай-ақ Басқарма Төрағасы ұзындығы 200 шақырым болатын "Өскемен-Семей" автомобиль жолының жағдайымен танысты.

Қызметтік іс-сапар қорытындысы бойынша Басқарма басшысы облыстық филиал басшылығына, сондай-ақ "Қазақавтодор" ЖШС өкілдеріне Шығыс Қазақстан облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын бақылауды және тиісті күтіп-ұстауды күшейту керектігі жөнінде ескерту жасады.