icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында үш ақылы учаске қолданысқа енгізілмек

Батыс Қазақстан облысында үш ақылы учаске қолданысқа енгізілмек

"Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 418 шақырым болатын автожолдардың 3 ақылы учаскесін іске қосу жоспарлануда, атап айтқанда:

  • «РФ шекарасы (Самараға) – Орал» 195-248 шақырым;
  • «Орал – Ақтөбе» 261-526 шақырым;
  • «Орал  – РФ шекарасы (Саратовқа)»  4-104 шақырым.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы аумағында 8 аралық бақылау аркасы орнатылған.

Сегіз бақылау аркасының бесеуі толықтай пайдалануға беруге дайын. "РФ шекарасы (Самараға) – Орал" және "Орал – РФ шекарасы (Саратовқа)" учаскелерінде тестілік режимде аркалар жұмыс істеп тұр.  

 Ақылы учаске бойынша жол ақысын екінші деңгейдегі банктер (Каспи,   хоумбанк және т.б. сияқты интернет-банкинг қосымшаларын қоса санағанда), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн мобильді байланыс операторларымен СМС жіберу  арқылы төлеуге болады.  Жалпы автокөліктің жеке шотын толтырудың 20-дан астам тәсілі бар.

Жол пайдаланушылары клиенттермен жұмыс орталықтарында төлем мөлшерлемелері жайлы, ресми расталған берешектер  туралы және т.б. ақпаратарды ала алады.  

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін компания қызметкерлерімен КАЖ Мобайл мобильді қосымшасы әзірленді. Қазіргі уақытта аталған қосымшаның көмегімен жүргізушілер баланстағы қалдықты біле алады және жүріп өткен жол туралы ақпаратпен, жол жүру мөлшерлерімен таныса алады.

         Бірінші жартыжылдықта 3 КЖО ЦРК (клиенттермен жұмыс жүргізу орталығы) орнату жоспарлануда. Бағдарламалық-аппараттық кешен тестілік режимде жұмыс істейді.

Ақылы жолдарды пайдалануға бергеннен кейін жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азайғанын айта кеткен жөн. Бұл осы учаскелердегі қайта жаңарту жұмыстарының сәтті аяқталуының нәтижесі болып саналады. Мысалы, "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" тас жолында қайта жаңарту жұмыстарынан кейін ЖКО саны 25%-ға азайды, "Нұр-Сұлтан-Павлодар" жолында жалпы апаттар саны 46%-ға төмендеді, "Қызылорда-Шымкент-Тараз" учаскесінде жол-көлік оқиғалары 43% - ға төмендеді, "Павлодар-Семей-Қалбатау" тас жолында ЖКО 62% - ға азайған.     

Сонымен қатар, ақылы учаскелердің бірнеше негізгі артықшылықтарын атап өткен жөн:

1) автожолдарда қауіпсіздікті арттыру;

2) автожолдарды күтіп-ұстау сапасын арттыру;

3) автожолдарды автоматтандыру;

4) Көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау арқылы ЖКО азайту;

5) Автожолдың қозғалыс бөлігіне үздіксіз бақылау жөніндегі ақпаратты Мониторинг орталығына  назар аударуы үшін жолдап отыру;  

6) жол бойындағы қызмет көрсетуді арттыру;

7) транзиттік жүк тасымалдарының қарқындылығын арттыру, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді және соның салдарынан ҚР әрбір азаматының өмірін жақсартуға бөлінетін қаражат мөлшерін арттырады.

 

Жаңа жолдар жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті және жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.  Апаттылық деңгейі төмендеп, жол инфрақұрылымын, жол бойындағы қызмет көрсетуді және учаскелерде тәулік бойы қызмет көрсетуді белсенді дамытуға ықпал ететін болады.