icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  кезекті аппараттық кеңес өткізді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ кезекті аппараттық кеңес өткізді Бүгін, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарама Төрағасы Асқар Мұратұлының жетекшілігімен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңеске төраға орынбасарлары, департамент директорлары, облыстық филиал директорлары қатысты. Күн тәртібінде кепілдік учаскелердегі ақаулар, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі, орындаушылық тәртіп, департамент және облыстық филиал директорларының жауапкершілігі туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Шығыс Қазақстан облысына барып келген іс –сапары бойынша бірқатар ескертулер жасады. Бұл ескертулер барлық облыстық филилалдардың директорларына, олардың орынбасарларына және департамент директорларына қатысты екенін қадап айтты. Жол құрылысы жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, жұмысты жүйелендіру, сапалы жолды қамтамасыз ету туралы нақты іс-шара қолдануды тапсырды. «Президенттің, Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, республикалық жолдарды барынша сапалы әрі қауіпсіз ету - ведомствоның басты міндеті. Бөлінген қаражатты дұрыс, әрі мақсатқа сай пайдалану қажет. Бұл ескертуімді қатаң назарға алуды сұраймын» - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы.