icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Нысанада - Батыс Қазақстан облысы

Нысанада - Батыс Қазақстан облысы

 

Бүгін "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Батыс Қазақстан облысының "Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы"  және "Өнеге-Бисен-Сайқын-РФ шекарасы" автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын "Uniserv" ЖШС, "Теміржол жөндеу" ЖШС, "Атырау жолдары" ЖШС және "Ақжол құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымдары жүргізуде.

Асқар Мұратұлы асфальт-бетон жамылғысының жоғарғы қабаттарын төсеу жұмыстары басталған жол телімдерінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жалпы, құрылыс жұмыстары бастау алғаннан бері 145 мың текше метр топырақ төселді, 50 шақырым айналма жол, 24 шақырым негізгі қабаттар, 10 шақырым астыңғы төсеніш қабаты және 5 шақырым жоғарғы төсеніш қабаты төселді.

Жұмыс сапарының соңында Басқарма төрағасы жобаны жүзеге асыратын мердігер компаниялар өкілдерімен кеңес өткізіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды, учаскелердегі қозғалысты уақытылы ашу үшін қосымша жұмыс ауысымдарын ұйымдастыруды тапсырды.

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына 300 бірлік техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған.