icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Атырау облысындағы Республикалық жолдардың жағдайымен танысты

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Атырау облысындағы Республикалық жолдардың жағдайымен танысты

2021 жылдың 28 мамыр күні  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы қызметтік іс-сапар аясында Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жағдайымен танысты. Қазіргі таңда бұл аймақ бойынша «Ақтөбе - Атырау-Астрахань РФ шекарасы»  автомобиль  жолының    «Қандығаш – Мақат»,  «Атырау-Астрахан» учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-сапар барысында учаскелердегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы тексеріліп, мердігер ұйымдармен кездесу өткізілді.  

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань РФ шекарасы»  автомобиль  жолының  «Қандығаш – Мақат» бағытындағы жұмыстар 3 лотқа бөлінген. Бұл  учаскелерде «Shanghai Construction Group»,  «Акжолкурылыс», «Ant Insaat Maden Sany A.S.» мердігер мекемелер қызмет етуде. Қазіргі таңда 128 шақырым болатын құрылыс нысандарындағы жұмыстың 70-75% аяқталды. Сондай-ақ, Доссор айналма жолы жоспар бойынша жылдың аяғында қолданысқа беріледі.  

«Атырау-Астрахань» бағытындағы 2019 жылы басталған 833-853 шақырым аралығындағы жұмыстар аяқталып, 2020 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген. Ал, 853-893 шақырым аралығындағы жұмыстар биылғы жылы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.  Мердігер компания «Сине Мидас Строй» ЖШС  мекемесі болып табылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым аралықта 15 дана су өткізгіш құбырлар жаңаланып болды. Барлығы 7 дана көпірдің барлығында жұмыс көлемінің 73% атқарылған.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап жол бойындағы жұмыстарды сапалы атқару үшін «Лянкаран йол Тикинти», «Тодини Конструкциони Дженерали С.п.А.», «Ант Иншаат», «Ақжолқұрылыс», «СинеМидасСтрой» сияқты мердігер мекемелер анықталды. Бүгінде құрылыс алаңдары, айналма жол салу, жол-құрылыс материалдарын жинақтау, топырақ жұмыстарынан басқа жол негізінің төменгі қабатын салу, құбырларды жаңалау және көпірлерді бұзу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Жоба бойынша қайта жаңарту жұмыстарынан кейін аталған жол ІІІ техникалық санаттан, ІІ техникалық санатқа ауысады. Яғни жол төсемесі түгел ауыстырылып, кеңейтіліп, күшейтіліп, көпірлер, су өткізгіш құбырлар қайта салынады және әрбір оське түсетін салмақ 8 тоннадан 13 тоннаға дейін нығайтылады.   

Оған қоса, жоба аясында барлық елді мекендер маңынан жол астымен мал өтетін өткізгіштер, автобус аялдамалары,  жол бойында демалыс алаңдарын (демалыс орны, дәретхана, эстакада, жеңіл және ауыр салмақты көлік қоятын автотұрақтар, жарықтандыру) салу көзделуде. Аққыстау, Тұщықұдық елді мекендері тұсынан айналма жол салу жоспарлануда. Ол жол Астрахань бағытына қарай Тұщықұдық мекенін сол жағынан айналып (Бақсай өзегін жағалап) Аққыстау ауылының «Тасгран», «Аламан» шайханасының жанынан өтіп, қайтадан негізгі жолға қосылады. Айналма жолдың ұзындығы 17 шақырым. Жалпы жұмысқа 529 техника, 1050 - жұмысшылар мен мамандар саны жұмылдырылған.   

Іс-сапар қорытындысы бойынша, Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы материалдарды дайындауды тездетуді, оларды тасу үшін вагондар санын көбейтуді, зауыттарды тез арада іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ, арнайы техникалармен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді және жұмыстарды жоспар бойынша уақытында аяқтауды тапсырды.