icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Алыс сапарға жүк тасымалдаушы жүргізушілермен кездесу

Жексенбі, 30-мамыр күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, Автомобиль жолдары Комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, Атамекен ҰКП мен Kazlogistics ҚКО өкілдері алыс сапарға жүк тасымалдаушы жүргізушілермен кездесті.
Кездесу барысында инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында автожолдарда ақылы жүйені енгізу мәселесі талқыланды. Жүргізушілер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, ақылы жүйені енгізуге байланысты пікірлерімен бөлісті. Жауапты министрлік пен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бір апталық мерзімде барлық белсенділік танытқан азаматтардың ұсыныстарын қоғамдық ассоциациялар арқылы қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ассоциациялар барлық ұсыныстарды жинағаннан кейін ақылы жүйені енгізу мерзімі мен төлем мөлшерлемесі туралы Бұйрықтардың жобасы қарастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық маңызы бар 5,8 мың шақырымға жуық автожол учаскелерінде ақылы жүйе енгізу жоспарланған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеңіл көліктер тек І-техникалық санаттағы автожолдарда төлем жасайды