icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

EQurylys жүйесі құрылыстың ашықтығын көрсетуге көмектеседі

EQurylys жүйесі құрылыстың ашықтығын көрсетуге көмектеседі

 

"Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да құрылыстың ашықтығын арттыруға, бақылауды күшейтуге, құрылыс барысына мониторинг жүргізуге, деректер мұрағатын жинауға және барлық атқарушы құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін eQurylys жүйесінде цифрлық форматта атқарушылық құжаттаманы ұсыну бойынша рәсімдерді ауыстыру жүргізілу үстінде. Атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізудің және орындалған жұмыстардың актілерін қабылдаудың цифрлық процестерін енгізу қажеттілігінің негізгі себптері, бұл:

- нақты құрылыс құжаттарының шашыраңқылығы;

- атқарушылық құжаттаманы қағаз түрінде енгізу және сақтау (актілер, журналдар және т. б. 90 түрі);    

- алынған деректер бойынша талдаудың тиімділігі;  

- құрылыс процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау барысында  процестер автоматтандырылмағандықтан қағаз, көлік, уақыт сияқты операциялық шығындарды қамтиды.

- қағаз түріндегі құжаттарды тексерудің және қол қою процесінің тым ұзақтығы;

- елдегі эпидемиологиялық жағдай.

Қазіргі уақытта "DIGICON" ЖШС компаниясы Қоғам өкілдерімен, мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаумен орын алған жағдайларды ескере отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруда. Бүгінде арнайы топ Түркістан облысының «164+642, 754+830 және 766+185 шақырым учаскелерінде жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күрделі жөндеу» нысанында жұмыстар атқаруда.    

Жалпы, 2021 жылы құрылыс процестерін цифрландыру бойынша 2 жаңарту нысаны, 6 күрделі және 37 орташа жөндеу нысаны қамтылады.  

Қоғам цифрлық жүйелерді енгізу құрылыстың ашықтығын арттыруға, бақылауды күшейтуге, құрылыс барысына мониторинг жүргізуге, деректер мұрағатын құруға және барлық атқарушы құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.