icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2020-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту жөніндегі "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасының даму барысы туралы

2020-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту жөніндегі "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасының даму барысы туралы Өткен жылдың соңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінің 11-100 шақырымын қайт жаңарту туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Жоба 2020-2025 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту жөніндегі «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. «СинеМидасСтрой и Тодини Конструктциони» БК ЖШС және «Ақжол құрылыс» ЖШС БК / «АзВирт» ЖШҚ / «АССАНАДОРСТРОЙ ЖШС» мердігерлік ұйымдары іске тартылды. Техникалық қадағалауды DongsungEngineeringCo жүзеге асырады., Ltd. (Корея) Zs Engineering LLP Субконсультантымен (Қазақстан) бірге жүзеге асырады. Авторлық қадағалауды – «Астана» Инженерлік орталығы ЖШС және «Қостанайдорпроект ЖШС компаниялары атқарады. Қайта жаңарту учаскелерінде 484 адам және 220 бірлік техника жұмылдырылған. 3 мердігерлік ұйым қосымша тартылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 12 сәуірінде басталған болатын. 292 мың м3 жер төсемі салынды. 169 мың м3- жол-құрылыс материалы, 2,5 мың м3 - ЖБИ, 3,5 мың тн Битум дайындалды. Қайта жаңарту жобасына сәйкес, жаңартылған автомобиль жолы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласының кіреберісіне дейін 4 жолақты І-Б санатқа және Қандыағаш қаласын айналып өту үшін 2 жолақты жолы (18,2 шақырым) II санатқа ауыстырылатын болады. Сондай-ақ, 18 дана көпір құрылыстары, 66 дана су өткізу құбырлары салынады. Жолдың осы учаскесіне қызмет көрсету үшін жол-пайдалану басқармасы мен жол-пайдалану пункті орналастырылады. Жобаны іске асыру 3 жылға қарастырылған.