icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы»  Қарағанды-Балқаш учаскесі бағытындағы  автомобиль жолын қалпына келтіру

"РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы»

Қарағанды-Балқаш учаскесі бағытындағы

 автомобиль жолын қалпына келтіру

 

"РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" автомобиль жолының ұзындығы 363 шақырым болатын "Қарағанды-Балқаш" учаскесі болып саналады. 

         Аталған учаске Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ақжал, Балқаш елді мекендерінің бойымен өтеді.  

Қазіргі уақытта 363 шақырым жолды қамтыған құрылыс-монтаждау жұмыстарымен "СП КазГерСтрой" ЖШС, CITIC Construction Co.компаниялары.Ltd.  айналысуда.

Жобаға сәйкес, жол 4 жолақты І-б техникалық санатқа сәйкес келетін болады.

Қайта жаңарту  жұмыстары аясында 11 көпір мен 32 жол өткелін, 295 су өткізу құбыры мен мал айдайтын жол, сондай-ақ елді мекендер маңындағы демалыс алаңдары мен автопавильондарды салу көзделген.  

         Бүгінгі таңда 25,4 млн.м3 жер жұмыстары; 77 шақырым қосымша қабат; 159 шақырым төменгі негіз қабаты; 141 шақырым жоғарғы негіз қабаты және 108 шақырым төменгі жабын қабаты төселіп, көлемді жұмыстар атқарылуда.

Учаскені қалпына келтіруге барлығы 800 бірлік техника мен 1600 мыңнан астам адам жұмылдырылды.