icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

 «Алтын Орда» жобасының құрылыс жұмыстары жалғасу үстінде

«Алтын Орда» жобасының құрылыс жұмыстары жалғасу үстінде Мемлекет басшысы 2021 жылдың қазан айына дейін «Алматы-Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы аралығыныда (16-19 шақырым «Алтын Орда») «Райымбек-Алматы» учаскесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеу нысанын аяқтау қажеттілігі туралы тапсырған болатын. Ағымдағы жылдың сәуір айында қанағаттанарлықсыз жұмысы үшін бұрынғы мердігерлік ұйыммен шарт бұзылған еді. Аталған нысанды көрсетілген мерзімде аяқтау мақсатында «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігерлік ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін жұмыс жүргізу кестесі бекітіліп, шарт жасалды. Жобада жолдың жүру бөлігін кеңейту, бас магистраль бойынша эстакада салу, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі бойынша негізгі жұмыстарды атқару көзделген. Бүгінгі күні Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы, асфальтбетон қоспасынан жасалған төсемнің төменгі қабатын салу, бұрылу эстакадасын бетондау («таға» түріндегі эстакадалар) бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, негізгі автожолда қозғалыс ашылып, жарықтандыру құрылғыларын орналастыру бойынша жұмыстар атқарылды. Темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, сондай-ақ металл конструкциялары мен құрылыс қалыптарын (бас магистральдық эстакада) монтаждау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы айда асфальтбетон төсемін орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін «таға» түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарда бар. Қазіргі уақытта нысанда 60-қа жуық адам және 15 бірлік арнайы техника жұмысқа тартылған. Жобаны толық аяқтау үшін эстакадаларды (бас магистральдық эстакадаларды) арматуралауды және бетондауды, 4 дана көлемінде жанасу (түсу) құрылғысын, қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон (ЩМА) төсемінің жоғарғы қабатын және автожолды жайластыруды (жол белгілері, таңбалар және т.б.) орындау қажет. Жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес, нысанның аяқталуы 2021 жылдың қазан айына жоспарланған.