icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QazAvtoJol»  ҰК» АҚ Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ (Астраханьға) шекарасы» учаскесіне тексеріс жүргізді

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ (Астраханьға) шекарасы» учаскесіне тексеріс жүргізді Ағымдағы жылдың 14 маусымында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы қызметтік іс-сапар аясында Республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасынан (Астраханьға) 11-330 шақырым» аралығына тексеріс жүргізді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын JV «LLP SP SINE MIDAS STORY & Todini Costruzioni Generali S.p.A», СП «Акжол Курылыс – ООО АзВирт – ТОО Ассана ДорСтрой», Todini Costruzioni Generali S.p.A ТОО«Uniserv» мердігерлік ұйымдары жүзеге асыруда. Қазіргі таңда аталған учаскеде жұмысқа 824 адам жұмыс персоналы және 475 бірлік техника жұмылдырылған. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін аталған жол учаскесінің 77,8 шақырымы I-Б санатты және 233,4 шақырымы ІІ санатқа келтірілетін болады. Ол жерде 3 жол өткелін, 3 көлік айрығы салынады және 21 көпір мен 194 су өткізу құбыры қайта жаңартылады. Іс-сапар аясындағы тексеру қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы осындай белсенді тәртіпте жұмысты жалғастыруды, учаскелерде білікті мамандардың қажетті санын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ жобаны көрсетілген мерзімінде іске асырып, қозғалысты ашу үшін тәуліктің қараңғы уақытында барлық жұмыс түрлерін жалғастыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды.