icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын Бүгінгі таңда «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 1079-1115 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскенің ұзындығы 36 шақырым болатын Осакаров ауданындағы (Қарағанды облысы Молодежное кентінде) орналасқан. Бас мердігер «Қарағанды жолдары» ЖШС болып табылады. Авторлық қадағалауды «Ор-Нур-Са-11» ЖШС, техникалық қадағалауды «ZS ENGINEERING» ЖШС жүргізеді. Аталған учаскедегі жұмыстар 2019 жылдың сәуір айында басталған болатын. Жобаға сәйкес құрылыстың жүргізілу мерзімі 31 айды құрайды. 2019 жыл мен 2020 жылды қоса септегегнде, бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, айналма жолдың құрылысы бойынша 36,28 шақырым, 17 дана су өткізетін темірбетон құбырларын монтаждау, ұзындығы 36 шақырым жер төсемін орнату жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, жол төсемін орнату бойынша: негіздің төменгі және жоғарғы қабаты - 36 шақырым, асфальтбетон жабынының төменгі қабаты - 35,8 шақырым, асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты - 35 шақырым, себу жиектері-35 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда үш көпірде жол жиектерін нығайту, су бұрғыш лотоктар мен тосқауыл қоршауларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бас мердігер «Қарағанды жолдары» ЖШС құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлап отыр.