Ақтөбе облыстық филиалында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлының төрағалығымен кеңес өтті
2021 жылы 18 маусымда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында «Ақтөбе – Қандыағаш» 11-100 шақырымын жаңарту учаскелері бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлының төрағалығымен кеңес болып өтті.
Бұл учаскеде «СинеМидасСтрой» ЖШС БК және «Тодини Конструкцияни» (11-52 шақырым) және «Ақжол құрылыс» ЖШС БК / «АзВирт» ЖШҚ / «АССАНАДОРСТРОЙ» ЖШС (52-100 шақырым) мердігерлік ұйымдары жұмысқа тартылған. Техникалық қадағалауды «DongsungEngineeringCo», Ltd. (Корея) Zs Engineering LLP Субконсультантымен (Қазақстан) бірге жүзеге асырады.
Қайта жаңарту учаскелерінде 484 адам және 220 бірлік техника жұмылдырылған. 3 қосалқы мердігерлік ұйым тартылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың 12 сәуірінде басталған болатын. 600 мың м3 жер төсемі салынды. Жол-құрылыс материалы 173 мың м3, ЖБИ 2,5 мың м3, Битум 3,5 мың тонна дайындалды.
Қайта жаңарту жобасына сәйкес, жаңартылған автомобиль жолы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласының кіреберісіне дейін 4 жолақты І-Б санатқа және Қандыағаш қаласын айналып өту үшін 2 жолақты (18,2 шақырым) II санатқа ауыстырылатын болады. Сондай-ақ, 18 дана көпір құрылыстары салынады, 66 дана су өткізу құбырлары салынады. Жолдың осы учаскесіне қызмет көрсету үшін жол-пайдалану басқармасы мен жол-пайдалану пункті салынады. Жобаны іске асыру 3 жылға қарастырылған.
Кеңес қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлы Ақтөбе облыстық филиалына жауапкершілікті арттыру және жобаны көрсетілген мерзімінде іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.