icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

«Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2021 жылдың қазан айында «Алматы-Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы (16-19  шақырымы «Алтын Орда») «Райымбек-Алматы» учаскесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеу» нысанын аяқтау қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.

«Алматы-Бішкек» автожолының «Алтын орда» базарының учаскесінде жолдың жүру бөлігіне асфальт төсеу және бас магистральдық эстакаданың бетонын құю жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталып, негізгі автожолда қозғалыс ашылды. Бұдан басқа, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, құрылыс қалыптарын монтаждау жүріп жатыр. Шілде айының басында асфальтбетон төсемін орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Таға» түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта учаскіде 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмысқа жұмылдырылған. Екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған.

Нысанның аяқталуы 2021 жылдың қазан айына жоспарланған және ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловтың ерекше бақылауында.