icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлымен бірге ШҚО автожолдарын тексерді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлымен бірге ШҚО автожолдарын тексерді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы «Қалбатау-Майқапшағай» мен «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолдарын қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді. Ұзындығы 454 шақырым болатын «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жобасы бойынша «CITIC Construction Co., LTD», «К-Дорстрой» АҚ, сондай-ақ «Todini Central Asia» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмысқа тартылған. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының 454 шақырымы ШҚО-ға қарасты. Қазір 14 асфальтбетон зауыты мен 19 ұнтақтағыш-сұрыптағыш құрылғы тәулік бойы жұмыс жасауда. Жол табаны төсемінің 302 шақырымы орнатылып, 289 шақырым асфальт төселді.

Ал ұзындығы 415 шақырым «Қалбатау-Майқапшағай» учаскесі бойынша 138 шақырым жол табаны орнатылды және 104 шақырым асфальт жабыны төселді.

Бүгінде 101 шақырым бойынша көлік қозғалысына рұқсат берілген. Жұмыстың жылдамдығын арттыру үшін нысанда 6 асфальтбетон зауыты мен 8 ұнтақтағыш-сұрыптағыш құрылғы жұмыс жасауда. Бірнеше ауысыммен 1400-ден астам маман еңбектеніп жүр.

Іс-сапар соңында, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр екі автожол бойынша жұмыстарды 2022 жылы толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, жұмыс қарқынын күшейтіп, жыл соңына дейін көлік қозғалысын ашуды бұйырды.