Жаңашылдық пен креатив
№47 жол-пайдалану учаскесінің басшысы Керімбай Өміралиев күнделікті жұмыстың жылдамдығын және сапасын арттыруға бағытталған жаңа жабдықты жасап шығарды. Жұмысшылар арасында ВРКУ-1 немесе «Өміралиевтің велороторлық шөп шабатын машинасы» атауына ие болған жабдық бүгін бірінші рет сыналды.
Автомагистральдағы аралық бағаналардың маңындағы шөпті шабу ұзақ уақытты қажет ететін және тек қолмен жасалатын. Бұл жаңашылдық учаскедегі жұмыстарды жүргізуде уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Оны жаяу да, велосипедке тіркеп те пайдалануға болады.