icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Объективте - Жамбыл облысы

Объективте - Жамбыл облысы

 

Бүгін "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлының тексеру нысаны Жамбыл облысының орташа жөндеу және қайта құру учаскелері болды. Қордай асуын айналып өтетін автожол учаскелерінде "микросюрфейсинг" технологиясының көмегімен тозу қабаттарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. 28 шақырымның 9-ында жұмыстар аяқталды.

 "Мерке-Бурылбайтал" автожолының қайта жаңарту учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын "Синьсин" Қытай Құрылыс және даму компаниясы  "ЖШС /"АБК - Автодор НС" ЖШС құрамындағы консорциум орындайды. Бүгінгі күні 7,5 млн.м3 астам жер жұмыстары, 235 шақырым төсем қабаты, 221 шақырым төменгі негіз қабаты, 195 шақырым жоғарғы негіз қабаты, тығыз к/з асфальтбетон жабынының 190 шақырым төменгі қабаты және 47 шақырым жоғарғы жабын қабаты (ЩМА) орындалды. 257 су өткізу құбыры салынып, 20 көпір мен жол өтпелерінің құрылысы аяқталуда. Жаңа жабын бойынша 159 шақырымға қозғалыс ашылды. Құрылысқа 539-дан астам техника мен 802-ден астам адам жұмылдырылды.

Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылға жоспарланған. Республикалық маңызы бар "Меркі-Бурылбайтал" автомобиль жолының 262 шақырымын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

 Төраға жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, барлық бағыттар бойынша жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.