icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Түлкібас ауданындағы тоннельдің сол жағы бойынша қозғалыс жуықта ашылады

Түлкібас ауданындағы тоннельдің сол жағы бойынша қозғалыс жуықта ашылады

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізді жаңарту жобасы бойынша Шақпақ баба кентінде «Қорғас - Алматы-Тараз - Шымкент-Ташкент»  593 - 632 шақырым тоннель құрылысы жобасы іске асырылуда.

Түркістан облысы арқылы өтетін жол телімі 40,53 шақырымды құрайды. Оның ішінде тоннельдің ұзындығы 840 метрді құрайды.  

Жуықта Дүниежүзілік Банктің, Автомобиль жолдары Комитетінің, "Евраскон" ААҚ мердігерлік ұйымының, "Temelsu consult" техникалық қадағалау қызметінің қатысуымен Түлкібас ауданында тоннелінің құрылысы жобасын іске асыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

Қоғамдық тыңдау барысында әлеуметтік-экологиялық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ жобаны іске асыруды аяқтау мерзімдері туралы сұрақтарға жауаптар берілді.  

Сонымен қатар, жоғарыда аталған комиссия тоннель құрылысының жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта тоннельдің сол жағын тесу аяқталды.

Бетон жұмыстары аяқталуда. Содан кейін жол төсемінің құрылымдық қабаттары бойынша жұмыстар басталады. Ол аяқталысымен тоннельдің сол жағы бойынша қозғалыс ашылады.