icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Үйдене өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жұмыстары

Үйдене өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жұмыстары

 

"Қалбатау-Майқапшағай" (ШҚО) автомобиль жолының 1235-1250 шақырымында Үйдене өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жұмыстары жүргізілу үстінде. Мердігер ұйым «СинСинь» құрылыс компаниясы болып табылады.

"Қалбатау-Майқапшағай" бағыты бойынша жол учаскелерін қайта жаңартуға "ҚазГерСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымдары және "Синьсин" құрылысы бойынша қытайлық Компания тартылған:

2021 жылы 54,5 шақырым пайдалануға беру, қалған 360,5 шақырым бойынша асфальтбетон жабыны бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта қатты төсемі бар жолдың 104 шақырым құрайтын учаскесінде қозғалыс ашылды.

Қайта құру учаскелерінде сәуір айынан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1 093 адам (оның ішінде 1046 адам жергілікті тұрғындар) және 568 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Құрылыс жұмыстарына 8 қосалқы мердігерлік ұйым, 7 асфальтбетон зауыты және 7 ұсақтау-сұрыптау қондырғылары жұмыс істейді. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің 42%-ы (қиыршық тас 936 мың м3, темір-бетон бұйымдары 10 мың м3), жоспарланған 79 мың тн. битумның 12,7 мың тоннасы дайындалды.

"Қалбатау-Майқапшағай" жобасында 35 көпір және 364 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 13 көпір мен 198 су өткізгіш құбыр жасалған. 7 көпір және 166 құбыр жұмыс үстінде.