icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Алтын орда» жол торабында «Таға»  іске қосылды

«Алтын орда» жол торабында «Таға» іске қосылды Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жол торабында "Таға" тәріздес бұрылыс эстакадасы іске қосылып, көліктер үшін жүріс ашылды. Ендігі кезекте бас магистральдық эстакада.

Бүгінгі күні жалпы құрылыс бойынша монолитті аралықты құюға арналған металл конструкцияларды монтаждау, фермалық тіректердің қалыптарын нығайту, арматуралау, бетондау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, асфальтбетон жабынын орнату бойынша жұмыстар орындалды. Автомобиль жолы учаскесін сыртқы жарықтандыру жолға қойылды. Қазіргі уақытта 3 жаяу жүргіншілер өткелінде монтаждау жұмыстары аяқталды. "Ақсай" өзені арқылы өтетін жолаушылар көпірі ашылды.