icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалында жүргізіліп жатқан  жұмыстар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалында жүргізіліп жатқан  жұмыстар

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» учаскесінің 100-105 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Бас мердігер «ҚазГерСтрой» БК ЖШС болып табылады, авторлық қадағалауды – «Тека Проект» ЖШС жүзеге асырады. Жобада: қолданыстағы 3 құбырды демонтаждау, олардың орнына көпір өткелін салу, жалпы ұзындығы 6057,30 м автожол учаскесін салу көзделген.

Ащысу өзені арқылы 104+624 шақырым болатын реттеуші құрылыстары (ағысқа бағытталған дамбалары) бар көпір салу. Көпірдің ұзындығы-76 метр.

Күрделі жөндеу жобасы автомобиль жолының үймесі арқылы толып кетуіне жол бермеу үшін жер төсемінің деңгейін көтере отырып, автомобиль жолының жол төсемінің қайта шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында іс-шараларды ескереді.

Осы жылдың желтоқсан айында аталған нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.   

Қазіргі уақытта өсімдік қабатын алу, айналма жол бойынша үйінді табанының негізін домалату, негізгі жол бойынша өсімдік қабатын алу, Ащысу өзені арнасының астындағы топырақты кесу бойынша жұмыстар орындалды.  

Бұрғыланған қадаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, аралық құрылыстың арқалықтары тасымалдануда.

Жұмысқа 20-ға жуық техника мен 27 жұмысшы тартылған. 

Сондай – ақ, "РФ шекарасы (Омбыға)-Майқапшағай, Павлодар-Омбы бағыты" учаскесінің жиегі мен резервінен шөп шабу жұмыстары атқарылуда. Қолмен белгілеу бойынша жұмыс "гр. РФ (Омбыға) – Майқапшағай, Павлодар-Семей бағыты. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелін қолмен шөп шабу және "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автомобиль жолының Павлодар – Нұр-сұлтан бағыты бойынша қоқыс пен демалыс алаңдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.