icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары

Маңғыстау облысындағы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары

 

Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар автожолдарының 949 шақырымы күтіп ұстау жұмыстарына жатады. Олар:

- "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолы ұзындығы 576 шақырымды құрайды.  

- "Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" автожолы ұзындығы 229 шақырым.

-  "Ақтау - Құрық" -  автожолы ұзындығы 59 шақырым.

- "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" автожолы ұзындығы 85 шақырым.

  Маңғыстау облысы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыстық филиалы айналысады. Оларда 3 Жол пайдалану бөлімі қызмет көрсетеді. Бейнеу ауылында – 57 жол пайдалану бөлімі, Шетпе ауылында - 58 жол пайдалану бөлімі, Ақтау қаласында - 59 жол пайдалану бөлімі. Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалында 58 техника, 100-ге тарта адам жұмыс жасайды.

      Бүгінге күнге «Кешенді-мақсатты бағдарлама» аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  4481м2 - шұңқырларды жөндеу, 237 дана - жол белгілері, 15 дана – панно, 1019 дана - сигнал бағаналар, 1298 м2 - қоршауларды орнату және жөндеу, 1530 ш.қ сызық - жол таңбасын сызу, 19 дана - автопавильондарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар әлі де жалғасатын болады.